Мәжілісте 2015 жылы Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық кодекстер мен Әкімшілік құқық бұзушылық кодексін қолдану нормаларының практикасы туралы, оның ішінде тергеу судьялары мен процессуалдық прокурорлар қызметіндегі ұйымдық-құқықтық проблемалар туралы мәселелер қаралды.
Нормативтік қаулыларды жүзеге асыру мәселесі және елдегі конституциялық заңдылықтың жағдайы мен Конституциялық Кеңестің Жолдауы туралы Конституциялық Кеңестің ақпараты тыңдалды.
Сондай-ақ мәжілісте Әділет министрлігінің 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңдердегі Құқықтық саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі 2015 жылға арналған жоспарды орындау бойынша жұмыс қорытындылары туралы есебі тыңдалды.
Сонымен қатар мәжілісте Кеңестің үстіміздегі жылғы құқықтық саясат жөніндегі жұмысының қорытындылары шығарылып, 2016 жылға арналған жоспарының жобасы мақұлданды.
Кеңестің құқықтық саясат жөніндегі мәжілісінде мақұлданған ұсынымдамалар Қазақстан Республикасында заңнамаларды және құқық қолдану қызметін әрі қарай жетілдіру барысында назарға алынатын болады.