Бұл бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Институт директоры Бақыт Нұрғалиевтің айтуынша, университеттегі жаңа құрылым республикадағы қылмыспен күрестің өзекті мәселелелеріне іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу, сонымен бірге оған оң ықпал ететін шараларды, ұлттық заңнаманың, құқық қорғау органдары қызметінің жетілдірілуін, оған мамандар дайындау сапасын, оқыту үдерісін және профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету үшін құрылып отыр. Оның қызметі қылмыспен күрес саласындағы қолданыстағы заңнамаға, Қазақстанның құқықтық саясат тұжырымдамасына, Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру туралы бұйрықтары мен нұсқаулықтарына сай жүзеге асырылады.
ҚР Жаратылыстану ғылымдары ұлттық академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Бақыт Молдатияұлының сөзіне қарағанда, Құқықтық және салыстырмалы зерттеулер институты мынадай мәселелерді шешеді. Заң жобаларына, оның ішінде ведомстволық нормативтік актілер мен басқарушылық шешімдерге сараптама жасау. Оның ішінде Білім және ғылым министрлігінің және басқа да ведомстволардың тапсырысы бойынша заңнамалардың ұлттық қауіпсіздік мүддесіне сәйкестігіне ғылыми талдау жасау. Заманауи кезеңдегі қылмыспен күрес стратегиясы мен тәсілдерін ғылыми негіздеу, қылмыс жасауға тікелей және жанама түрде жағдай туғызатын алғышарттарды анықтау. Қолданыстағы заңнама нормаларын жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізу және осы негізде қолданыстағы заңнамаға балама заң жобасын немесе өзгертулерді дайындау. Құқық қорғау органдарының қылмыспен күресудегі практикалық қызметін зерттеп білу және олардың жұмысындағы оң тәжірибелерді тарату. Олардың қылмыспен күрес бағытында басқа мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен бірлесе әрекет ету формалары мен тәсілдерінің негізгі бағыттарын ғылыми негіздеу. Қылмыспен күрес саласында әлеуметтік зертеулер жүргізу. Зерттеулер нәтижелері бойынша конференциялар мен дөңгелек үстел жиындарын ұйымдастыру. Қылмыспен күрестің өзекті мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында талқылау. Анықтамалық-библиографиялық жұмыс жүргізу. Ғылыми және оқыту әдебиеттерін, сондай-ақ кандидаттық, докторлық ғылыми диссертациялар дайындау. Сот және тергеу тәжірибесінің материалдарына талдау жасау.