Құлаған ағаш әйелді үш баласымен бірге басып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте құлаған ағаш әйелді үш баласымен бірге басып қалды.

Бұл оқиғаны көргендердің айтуынша, биік ағаш кенеттен тамырымен опырыла құлаған. Сол маңнан өтіп бара жатқан қала тұрғындары көмекке ұмтылған. Олар аздап жарақаттанған балаларды ағаш астынан тез шығарып алды. Ал әйел ауыр жарақаттанған. Бәрі де ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды rambler.ru.