Құлаған үйдің астында қалған 17 адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Мумбаи қаласында төрт қабатты тұрғын үйдің қирауы салдарынан кем дегенде 17 адам қаза тапты. Бұл жайлы жергілікті өрт сөндіру қызметіне сілтеме жасаған ANI агенттігі хабарлайды.

Қайғылы оқиға кезінде ғимаратта шамамен отызға жуық адам болған. Құтқарушылар үйінділер арасынан тірі қалған 11 адамды алып шықты, іздестіру операциясы әлі де жалғасып жатыр.

Ғимараттың құлау себептері әзірге белгісіз.