«Құлагер-2010» ұлттық және халықтық спорты спартакиадасы Ақкөл қаласында өтеді

None
АСТАНА. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат - «Құлагер-2010» ұлттық және халықтық спорты облыстық спартакиадасы Ақмола облысының Ақкөл қаласында маусымның 24-26-сы күндері өтеді.

Спартакиада бағдарламасына қазақша күрес, қол күресі, кір спорты, тоғыз құмалақ, көкпар, аударыспақ, теңге алу, қыз қуу, жамбы ату, бәйге сынды спорт түрлері енгізіліпті. Жарыстарға облыстың 19 ауданынан 400-дей адам келеді деп күтілуде.

Спорттық шараның негізгі мақсаты - Қазақстандағы дене тәрбиесі және спортты дамытудың мелекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, сонымен қатар, ұлттық және халықтық спорт түрлерін халық арасында насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Оны ұйымдастыруға Ақмола облысының туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы мен Ақкөл ауданының әкімдігі мұрындық болып отыр.