деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ескерткіш салудың идеясының авторы, әрі ұйымдастырушысы Сәдібек Түгелдің айтуынша, «Құлагер монументінің ұлт үшін, ұрпақ үшін мәні де, маңызы да өте зор. Өйткені, Құлагерді тұғырына міндіру арқылы зұлымдыққа тойтарыс берілді, ізгілік баянды етілді».
Халық ұзақ тосқан киелі ескерткіштің салтанатты ашылуы 2010 жылдың мамыр айында өткізіледі. Бағдарламада: 50 шақырымдық «Құлагер-Аламан» бәйгесі, 11 шақырымға құнан бәйге, 9 шақырымға жорға жарыс, көкпар, қыз қуу, теңге алу, сайыс ойындары бар. Монументті салуға еліміздің көптеген атымтай жомарт, мырза азаматтары көмектесті. Соның ішінде ерекше атап өтеріміз - Ақмола облысының әкімі Рау Альберт Павлович.