Кулагин: Ешбір дін соғысқа, әділетсіздікке шақырмайды
Оған аталған кеңестің мүшелері, Көкшетау қаласындағы діни бірлестіктердің басшылары және дін өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеңесте облыс әкімінің орынбасары Н.Нұркенов «Облыс мектептерінде зайырлылық және дінтану негіздері» пәнін оқытудың жай-күйі туралы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Г.Құлышева «Балалар денсаулығын қорғау - екпе егу мәселелері» тақырыбындағы баяндамалары тыңдалды.
Кеңестің күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер қаралғаннан кейін, облыс әкімі С.Кулагин Кеңес мүшелерін және Көкшетау қаласындағы діни бірлестіктердің басшыларын Рухани келісім күнімен құттықтады.
Аймақ басшысы өзінің құттықтау сөзінде тәуелсіздігіміздің арқасында, әрбіріміздің кез келген дінді еркін ұстануға, ұлттық дәстүрді сақтауға және арттыруға, Рухани келісім күнін атап өтуге мүмкіндігіміздің бар екендігін атап өтті.
«Ешбір дін әлемде күшке, соғысқа, әділетсіздікке және азғындыққа шақырмайды. Діннің ұстанымы - бейбітшілік, әділеттілік, тазалық, шыдамдылық және барлық тірі жандарға құрмет.
Алайда, бұған қарамастан, әлемдік соғыс, терроризм, бүліншілік, адамдарды, қару-жарақтарды және қандай да бір діннің атынан есірткі саудалау, сонымен қатар бір дінді екіншісіне қасақана қарсы қою тоқтамай тұр.
Сондықтан бүгінгі таңда бізге өзінің зұлым ниетін өмірде жүзеге асыру үшін жалған діни сипатты доктриналарды жамылғандардың басқыншылық және зомбылық актілерінің шынайы мәнін ажыратуды және әшкерелеуді үйренуіміз қажет.
Рухани келісім күні - шиеленістер мен қақтығыстарға мараторий күні, қайырымдылық және жақындарға көмек күні», - деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, шараның ресми бөлігінен кейін аймақ басшысы осы бағыттағы белсенді жұмысы үшін ақмолалық 9 азаматты алғыс хаттармен марапаттады.