Есіл ауданына жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерімен келген тұрғындарға жеке қабылдау жүргізді. Қабылдауға келгендердің арасында Калачи және Красногорск ауылының бұрынғы тұрғындары және жетім балалар бар.
Осы ретте, калачиліктер мен красногорліктер Есіл қаласына көшуге көмек көрсеткені үшін мемлекет басшысына алғысын білдірсе, баспаналы болған жетім-балалар пәтер бөлгені үшін ризашылықтарын жеткізді.
«Біз шын ниетімізбен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, Үкімет басшыларына және Ақмола облысының әкіміне жағдайымызды түсініп, көмек қолын созғандарыңыз үшін алғысымызды айтамыз. Бүгіндері бізге алаңсыз өмір сүруіміз үшін барлық жағдай жасалған, - деді зейнеткер Нина Бурцева.
Оның сөзін көршісі Галина Аршинцева да қостап отыр.
«Бізге ауылда қалу немесе қалаға көшу туралы таңдау құқығын бергенде біз ойланбастан көштік. Бүгінде мұның дұрыс шешім болғанына көз жеткізіп отырмыз. Қонаққа келген балаларымыз біздің жағдайымыздың жақсы екенін көріп, қуануда. Елбасымызға да облыс басшыларына да аналық ақ алғысымызды білдіреміз», - деді Г.Аршинцева.
Ал, баспаналы болған балалар үйінің түлегі, жас ана Любовь Орлованың сөзінен бақытты өмір сүріп жатқанын аңғаруға болады.
«Балалар үйінің түлектері де мемлекеттік қолдауды сезіп келеді. Бүгінде біздің басымызда баспанамыз, үй-жайымыз, қызметіміз бар. Осындай игі іске бастамшы болып отырған Елбасыға әр дайым алғысымыз шексіз,- деп ағынан жарылды Л.Орлова.