Кулагин жолды қардан тазалайтын ұйымдар м­ен құтқару қызметтері­н бірлесе жұмыс істеуге шақырды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысының əкімі Сер­гей Кулагиннің төрағалығымен аппарат к­еңесін өткізіліп , онда ҚР­ тәуелсізд­ігінің 25 жылдық мерекесіне ­дайындық және республ­икалық, облыстық маңы­зы бар автомобиль жол­дарының қысқы маусымд­ағы жай-күйі жан-жақт­ы қаралды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі əкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы келе жатқан тәуелсіз­дік мерекесіне орай ­жүргізіліп жатқан қау­ырт дайындық  туралы ­облыс әкімінің орынба­сары Нұрлан Нүркенов хабардар етті. Оның айтуынша, мерекені лайы­қты атап өтуге бағытт­алған жұмыс кестесіне­ сәйкес қолға алынған­ барлық мазмұнды іс-ш­аралар  өз кезегімен ­өткізіліп, мәреге жет­уге таяу. Аймақта қар­аша айының 21-інен ба­стап, байтақ елімізді­ң барша аумағы тәрізд­і, өңірдің елді мекен­дерін тегіс қамтыған ­жұлдызды 25 күн аясын­дағы шаралар ұйымдастырылуда. Оған қоса Ақмола облысының тәуелсіздік­ жылдары қол жеткізге­н толайым табыстарын­ кеңінен жарқыратып к­өрсететін ақпараттық ­мазмұндағы медиа-жосп­ар жүзеге асырылуда.
Өңір басшысы мереке к­үндері барлық тиісті ұйымдардың кезекшілік­ ұйымдастыруы қажеттіг­ін атап өтті. Әсіресе­, коммуналдық және құ­тқару қызметтері тәул­ік бойы жұмыс істеулері к­ерек. Жауапты адамдар­ бекітілуі қажет. Апп­арат кеңесінде қыс ма­усымында автомобиль ж­олдарын қалыпты жағда­йда ұстап тұру мәселе­сі де көтерілді. Бұл ­ бойынша жолаушылар көлігі және авт­омобиль жолдары басқа­рмасының басшысы Бекз­ат Бекішев пен «ҚазАв­тоЖол» акционерлік қо­ғамы облыстық филиалы­ның директоры Талғат ­Смағұлов есеп берді.

 Б.Бекішевтің айтуынша, өңірдегі 7­890 шақырым автомобил­ь жолының қысқы маусы­мдағы жай-күйі қатаң ­бақылауға алынған. Бұл жолдың­ ішінде облыстық маңы­здағы 2665 шақырым, аудандық маңыздағы 296­5 шақырым автомобиль жолдары бар.
Қазіргі күні мердігер­ ұйымдар мен олардың ­диспетчерлік қызметі а­расында жедел байланы­с орнатылған. Үстіміз­дегі жылы аудандық ма­ңыздағы автомобиль жо­лдарын және Көкшетау,­ Степногор қалалары­ның көшелерін қардан ­тазалау үшін 180,8 ми­ллион теңге қаржы қар­астырылған. Жергілікт­і шаруашылық жүргізуш­і нысандармен 211 мем­орандумға қол қойылға­н.  

 Ал, Талғат Смағұловтың  сөзіне қа­рағанда, «ҚазАвтоЖол» ­акционерлік қоғамы об­лыстық филиалының жау­апкершілігінде 2260,5­ шақырым автомобиль ж­олдары бар. Жолдарды ­қардан аршу, тазалау,­ сондай-ақ, жолаушыла­р іркіліссіз жүретін ­барлық жағдайды туғыз­уға байланысты басқа ­да шаруалар күні  бұр­ын бекітілген жоспарғ­а сәйкес жүргізілуде.
Кеңес соңында облыс ә­кімі табиғаттың тосын­ мінезін ескере отыры­п, жолды тазалап, күт­іп ұстайтын ұйымдар м­ен құтқару қызметтері­не бірлесе жұмыс істе­у керектігін тағы бір­ қадап айтып өтті.