2 жасар Нышанбекке оңтүстікқазақстандық дәрігерлер есту жолының атрезиясы және туабітті дамудың тежелуі деген диагноз қойған. Баланың емдеу ісін алматылық меценат қолына алды. Ол медициналық тексеру шараларына қаржы бөліп, баланың ата-анасы перзентімен Алматыда болып қайтты, порталсыз ем кезегіне тұрды.
«Біз тексеруге Алматыға барып қайттық. Порталға құжаттарды өткізіп, дәрігерлер операцияны сәуірге белгілеп отыр»,-деді баланың әкесі Нұрбол Қондыбаев.
Нышанбектен бөлек отбасында тағы екі бала өсіп келеді.