Құлағы естімейтіндер мен зағип жандарға арналған бағдаршам жасалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентона (Аргентина) Институтының жанындағы ғылыми клубтың 15 жастағы үш жасөспірімі көзі көрмейтіндер мен құлағының мүкісі бар жандарға арнап бағдаршам жасап шығарды. Оның жұмыс істеу жүйесі қарапайым, ол үшін бар болғаны көзі көрмейтін адамдар пайдаланатын таяқ қажет.

Бұл жүйе сенсорлы плита арқылы жұмыс істейді. Плита жаяу жүргіншілер жолына одан өтер алдында жерге қойылады.

Яғни адам қолындағы таяғын плитаның үстіне қояды, осы кезде бағдаршамға белгі беріліп, көліктер үшін оның «қызыл түсі» жанып, қозғалыс тоқтатылады. Автокөліктер тоқтаған кезде, жаяу жүргінші де жолдан өте алады. Ол жасыл түстің жанғанын оның таяғының дірілдегенінен сезеді.

Ғылыми топтың жетекшісі, ғалым Иван Надальдың сөзіне қарағанда, бұл дыбысты бағдаршамдарға қарағанда, әлдеқайда жетілдірілген жүйе болғаннан кейін, ол тек көзі көрмейтіндерге ғана емес, сонымен бірге құлағы естімейтіндерге де көмектеседі.

Бұл өнім жастар арасындағы ғылыми зерттеулер байқауында бірнеше сыйақыларға ие болып, сонымен бірге жалпыұлттық ғылыми симпозимударда жақсы бағаланған. Бірақ зерттеушілердің жаңа жүйені шағын қалалардың бірінде орнатуға да әзірге қаржылары жеткіліксіз, деп жазады rosbalt.ru.