Медицинада бұл ауру - тиннитус деп аталады. Дәл осындай диагноз ылғи құлағынан жағымсыз дыбыс кетпейтін адамдарға қойылады екен.
Ал, кофені жақсы көретін адамдар арасында осы дерттің аз кездесетіні анықталған. «Оның сыры - кофеинде», - дейді зерттеушілер.
Бұл зерттеу барысында жүргізілген жұмыстар жайлы American Journal of Medicine басылымында егжей-тегжейлі жазылған.