Құлакөл ауылында мешіт салынды ? Павлодар облысы

None
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының Екібастұз селолық аумағындағы Құлакөл ауылында жаңа мешіт салынды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жергілікті кәсіпкер, «Асфальтобетон» ЖШС-ның директоры Ясынжан Таировтың қаражатына салынған мешіттің ашылуы ауылдың барлық тұрғындары үшін айтулы оқиға болды. Құрылысы былтыр басталған мешіттің бірегей жобасы ауылдың көркіне айналып отыр. Әсем рәсімделген намаз оқу залы 70 адамға есептелген. Мешіттің ашылуына арналған мерекеге Екібастұз әкімі Нұрлан Нәбиев, Павлодар облыстық мешітінің наиб имамы Қайырқанат қажы және Құлакөлдегі мұсылман үйін ашу ісіне ұйытқы болған «Қазақстан алюминий» АҚ-ның президенті Алмаз Ибрагимов келді. Ауыл тұрғындары мешіттің адамдардың рухани бірігуінің және жастарды адамгершілікке тәрбилеудің орнына айналатынына сенімді.