ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін шорт-тректен 1500 метр қашықтықта сынға түскен Нұрберген Жұмағазиев жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Құлам қалмағанда финалға өтер ме едім, кім біледі?! Абайсызда айналмаға келгенде алдымда келе жатқан спортшының конькиіне шалынып, құлап түстім. Бір сәтсіздік, бір сабақ. Алда әлі 500, 1000 және 5000 метр қашықтықта сынға түсем. Бұйырса сол кезде барымды салатын боламын. Ең бастысы құлағанда жарақат алмадым», - деді ол жарыстан кейін.
Естеріңізге сала кетейік, шорт-трекшілер Нұрберген Жұмағазиевпен бірге Денис Никиша және қыздар арасында 500 метрге жүгірген Анастасия Крестова іріктеу кезеңінен өтпей қалған болатын
Фото: Izturgan Aldauyev
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.