«Барыс» оныншы мәрте жеңіліс тапты

Фото: Фото: "Барыс" ХК

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Спартак» (Мәскеу) командасына қарсы өткізді. 

Биыл елордалық клуб өте сәзсіз ойын көрсетіп келеді. Қазірге дейін он бір кездесудің небәрі екеуінде жеңіске жетті. Салдарынан турнир кестесінде ең соңғы орында тұр. Сондықтан әрбір кездесуде жеңіске жетуге күш салады.

Бұл ойынның алдында елордалық клуб құрамына ресейлік Илья Хохлов, Никита Сетдиков қосылды. Есесіне кездесу барысында ресейлік команда тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Нәтижесінде олардың қатарынан Адам Ружичка 7-минутта мергендік танытты. Одан кейін Егор Чезганов 25, Андрей Миронов 31-минутта басымдықты арттыра түсті.

Ал 38-минутта «Барыс» хоккейшісі Данил Апальков есеп айырмасын қысқартса, оның әріптесі Антон Бурдасов 50-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Ойынның 57-минутында ресейлік командадан Иван Морозов кездесудің нүктесін қойды.

Осылайша елордалық клуб қарсыласына 2:4 есебімен есе жіберіп, оныншы мәрте жеңілістің ащы дәмін татты.

Қазақстандық команда бұдан кейінгі екі ойынын сырт алаңда өткізеді. Алдымен 5 қазанда «Авангард» (Омбы) командасымен кездессе, 7 қазанда «Автомобилист» (Екатеринбург) командасымен шеберлік байқасады