Құлдық санадан айырылмай, мемлекет болу мүмкін емес ? Б.Тілеухан

АСТАНА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінде халықтың арасында отаршылдық психологияның қалдықтары әлі де бар. Ол мемлекеттің дамуына, әсіресе, халықтың рухани баюына кедергі жасайтын негізгі күш. Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Алаш және имандылық: елдік парасат негіздері» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференцияда

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан осы мәселені атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Тоталитарлық жүйенің отаршылдық саясаты бірлігі мықты, татулығы тұтас халықтарға ғана бағытталды. Осының нәтижесінде қазақ халқының қаймағы болған Сәкенді жапонның, ал Ахаңды ағылшынның тыңшысы деп жариялап, халық жауы ретінде қудалауға жіберген. Халық отаршылдықтың құрсауынан шыға алмай, бұған сеніп отыра берген. Бұл отаршылдықтың, яғни құлдық сананың белгісі болса керек. Осы құлдық санадан арылмай, мемлекет болу мүмкін емес», - дейді халық қалаулысы.