«Құлдықта өткен 12 жыл» фильмі Ұлыбританияда бас жүлдеге ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Құлдықта өткен 12 жыл» тарихи драмасы BAFTA британдық кино және телевизиялық өнер нұсқасы бойынша ең үздік фильм атанды.

Бұл туралы Лондонда 67-ші рет өтіп жатқан Ұлыбританияның кино саласындағы ең беделді марапатын салтанатты тапсыру рәсімі кезінде белгілі болды.

Жылдың ең үздік фильміне "Филомена" (Philomena) трагикомедиясы және Сомали қарақшылары жайында түсірілген "Капитан Филлипс" (Captain Phillips), "Гравитация" (Gravity) триллері және "Американша алдау" (American Hustle) криминалдық комедиясы ұсынылған болатын.

«Құлдықта өткен 12 жыл» фильмінде басты рөлді сомдаған Чиветел Эджиофор үздік актер ретінде BAFTA наградасына лайық деп табылды. Ал «Үздік актриса» аталымындағы сыйлықты «Жасмин» драмасында ойнаған австралиялық Кейт Бланшетт иеленді.