«Сіздерге қылмыстық істер жөніндегі Алматы ауданаралық сотының төрағасы Мартпек Кәкімжановтың Руслан Күлекбаевтың ісі жөніндегі түсіндірген видеосын ұсынамын.
Үкім заңды күшіне енбегеніне қарамастан, бірақ істің әлеуметтің желіде үлкен резонас тудырған мәселелерге, атап айтқанда, өлім жазасының берілуін, жасалған қылмыс және оған үкімнің шығарылуының заңдылық негізін түсіндіруді ұсындық»,-деген пікірімен бөлісті видеода Алматы қалалық сотының ақпаратпен қамту бөлімінің жетекшісі Диас Махамбетов.
Судья лаңкес Күлекбаевқа өлім жазасы берілгендігін еске салды. «Осы мәселеге байланысты түсінік бермекпін. Қазақстан Республикасы Конституциясыының 15 бабына сәйкес, сондай-ақ Қылмыстық Кодекстің 47 бабымен өлім жазасы - ең ауыр қызмыстық жаза ретінде адамдардың өліміне әкелген лаңкестік қылмысы үшін беріледі.
Бұған қоса қолданыстағы қылмыстық заңнама ең ауыр жаза - өлім жазасын тағайындауға тыйым сала алмайды.
ҚР Президентінің 2003 жылғы 17 желтоқсандағы №1251 Жарлығымен елімізде өлім жазасына мораторий енгізілген.
Президент Жарлығы Қазақстан территориясында мүлтіксіз сақталуы тиіс заң болып табылады.
Сондықтан Күлекбаев мораторий кезінде жеке камерада өте қатаң жағдайда ұсталады», - деді Мартпек Кәкімжанов.