Еліміздің бірқатар қалаларында жарылғыш зат қойылғандығы турасындағы анонимді ақпарат саны біршама артқан. Оған ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жария еткен деректер дәлел.
Мәселен, 1 сәуір күні республика бойынша дәл осындай сипаттағы 3 хабарлама түскен. Оның бірі Қостанай қаласында, ал екеуі Алматы қаласында тіркелген. Қостанайда жалған телефон лаңкесі 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйге жарылғыш зат қойылғандығын хабарласа, Алматыда «Қазақфильм» киностудиясы мен «Алматы» сауда орталығы қызметкерлерін дүрліктірген. Қуаныштысы, бұл ақпараттардың барлығы да жалған болып шықты. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері жалған лаңкесті іздестіріп, аталған учаскелерде жарылғыш зат іздеу іс-шараларына жүргізуге кеткен шығындарды есептеу үстінде.