– Тұрғын үйлер облыстық бюджеттің және демеушілердің қаражатына салынады. Құрылысты жергілікті мердігер мекемелер жүргізеді деп жоспарланып отыр,- дейді Н.Құсайынов.
Ықшамаудан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен – жарық және сумен қамтылған, газбен қамту жұмыстары жүргізілуде. Ықшамаудан аумағында екі мың орындық Binom мектебін салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар 300 орындық балабақша құрылысы басталады.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының мәліметінше, тұрғындарға арналған шағын аллеялар салу да жоспарда бар. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес әлеуметтік нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары басталды.