«Әлеуметтік желіде Құлсарыдағы тасқынға әлдебіреулердің заңсыз бөгет салғаны себепкер болған дегенге саятын бейнелер қаптап жүр. Осыған байланысты тергеу жүргіздіңіздер ме? Нәтиже бар ма?» - деп сұрады журналист.
Вице-министр ондай ақпараттың тарағанын растады. Бірақ әлі тексеру басталмаған.
«Иә, ондай ақпараттар әлеуметтік желіде бар. Бүгінгі таңда ол жақта әлі тергеп-тексеру жұмыстары басталған жоқ. Қазір су кеткеннен кейін басталады», - деді Бауыржан Сыздықов.