Құлсары - Сарқамыс тасжолында болған көлік апатынан бір адам көз жұмды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Құлсары - Сарқамыс тасжолында Niva және Lada көліктері соқтығысқан. Бұл туралы ҚазАқпарат polisia.kz сілтеме жасап хабарлайды.

«21 қазан кешкі уақытта Құлсары - Сарқамыс тас жолында Niva және Lada көліктері соқтығысқан. Жол көлік-оқиғасы салдарынан Niva көлігінің 64 жастағы жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды», - деді Теңіз полиция бөлімшесінің патрульдік полиция ротасының взвод командирі Дастан Шекин.



Фото: polisia.kz