Құлсарыда екі мектеп пен балабақша салынып жатыр - Атырау облысы

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының Жылыой ауданындағы Құлсары қаласында екі мектеп, балабақша және музей салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құлсарыда кітапхана, музей, 300 оқушы оқитын мектеп және өнер мектебі, Мұрагер шағын ауданында 280 орынға арналған балабақша салынып жатыр», - дейді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Қаһарман Бағынов.

Қ. Бағынов, сондай-ақ Береке шағын ауданында да балабақша салу жоспарланып отырғанын жеткізді.