Балаларды құтқарғаны түсірілген видео Фейсбук желісінде zello_atyrau жүргізушілер тобында жарияланған. Видео авторы мектепке дейінгі балалар мекемесінің маңындағы қойманың өртке оранғанын хабарлаған. Түтінге оранған балалабақшадағы балаларды ересектердің жетектеп алып шығып бара жатқаны түсіп қалған. Зардап шеккендердің бар-жоғы туралы ақпарат әзірге жоқ.