Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Қазақстанда іскерлік ортаны заңнамалық нормаларды жақсарту және кәсіпкерлердің құқығын қорғау нормаларын қолдану арқылы ғана жетуге болатынын атап өтті.
Айта кетейік, бұл Құлыбаевтың өңірге жүйедегі түйткілдерді анықтау үшін жасаған төртінші сапары. Ал мұндай мәселе бүгінгі таңда жоқ емес, оның біразы биылдың өзінде шешімін тауып та жатыр.
«Атамекен» ҰКП көшпелі отырысын қарсы алған облыс әкімі Даниал Ахметов «Палата жазалау ұстанымынан көтермелеу саясатына көшуді білдіретін тиімді заңнамалық негіз қалыптастыру үшін жүйелі түрде жұмыс атқарып жатқанын» атап өтті.
Тимур Құлыбаев еліміздің бизнес жүйесі 400 нормативтік-құқықтық актіге негізделгенін айтты. Олардың ең бастылары - ел Конституциясы, Салық Кодексі және Азаматтық Кодекс. Жыл аяғына дейін Палата ҚР Үкіметімен бизнес процедурасының, мерзімдерінің, қаржылық шығындарының азайтылуы жөнінде жұмыс істеп жатыр.
«17 мыңнан астам талап қысқартылғалы жатыр. 30 мың бизнесті тексеру актісінен тек 12 мыңы қалады», - деді ол.
ҰКП Төралқа төрағасы жүйедегі олқылықты дереу шешуге мүмкіндік беретін өңірлік атқарушы орган мен палатаның жергілікті филиалының тиімді диалогын атап өтті.
«Палатаның бақылауында осындай 500-ден астам мәселе тұрған еді. Оның үштен екісі шешілді. Қазір 150-дейі қалып отыр», - деп түйді сөзін Тимур Құлыбаев.