"Өкінішке қарай, ондай оқиға болды. Күні кеше ол жайында xабар таратылды. Оған дейін мемлекеттік сәулет-құрылыс саласындағы бақылау басқармасының басшысы қамауға алынған болатын. Ашығын айту керек, бүгінде құрылыс саласында сыбайлас жемқорлық бар", - деді Қ.Ақсақалов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
Әкімнің айтуынша, құрылыс саласындағы жемқорлықты барынша азайту үшін барлық процестерді автоматтандыру қажет. Сонда адамдар арасында тікелей байланыс болмайды. Әйтпесе, рұқсат қағаздары бар жерде пара да, жемқорлық та өршіп тұрады.
"Былай болуы керек, адам құжат тапсырды ма, арғы жағында отырғандар бірден қарап шығуы тиіс. Барлық құжаттар бар ма? Болды. Рұқсат қағаздары автоматты түрде берілуі керек. Сонда жемқорлық та болмайды. Қазіргі кезде мемлекеттік қызметтердің 44 проценті автоматтандырылған. Біздің мақсатамыз - ол көрсеткішті 100 процентке жеткізу. Сол кезде біз сыбайлас жемқорлықты азайта аламыз", - деп атап көрсетті Қ.Ақсақалов.
Айта кетейік, кеше ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік сәулет және құрылыс саласындағы бақылау басқармасы басшысының 300 мың теңгемен ұсталғаны жайында xабарлады.