«Құмай археологиялық-этнографиялық кешені: зерттеу және сақтау» атты дала семинары өтеді

АСТАНА. 16 тамыз. ҚазАқпарат - 19 тамызда Құмай өзенінің алқабындағы «Бұйратау» ұлттық паркінің ландшафтында ескерткіштерді зерттеу және сақтау мақсатындағы далалық семинар өтеді.

Құмай археологиялық-этнографиялық кешеніндегі ескерткіштерді зерттеу 2009 жылы басталып, 2010-2011 жылға дейін жалғасты. Мәдени мұра дамуының әртүрлі кезеңдеріне жататын қайталанбас жерлеу және ғұрыптық құрылыстардың сериялық үлгілері бір кеңістікте орналасқан.

Қола дәуірінің құрылысы жүздеген жерлеу нышандарымен көрініс береді. Атап айтқанда, кейінгі темір дәуірінің қорғандарымен бірге орналасқан тас жәшіктері бар қоршау мен түрк және ортағасырлық дәуірдегі жерлеу конструкциялары орналасқан аталмыш аумақтан сақ дәуірінің дамуы кезеңіне жататын мүсін табылған. Түрк дәуіріне жататын культтік ескерткіштер ғұрыптық қоршаулармен көмкерілген. Құрылыстың шығыс жағына орналасқан барлығы 9 тас мүсіні бар 11 ғұрыптық қоршау түгелімен картаға түсірілген.

Түрк дәуірінің ескерткіші Қосбатыр, Қарағайлы 1 және Қарағайлы 2, XI-XIII ғ. қола дәуірінен жеткен қоршау мен қорғанға археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Барлық ескерткіштер рәсімделген, құжаты бар және күзетке алынған. Қазба жұмысы барысында зерттелген ескерткіштер Құмай өзенінің кеңістікті алқабында қайта қалпына келтіріліп жөнделген.

Шараның өтетін орны - Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Қарағайлы ауылының оңтүстік-шығысына қарай 3 шақырым қашықтықта орналасқан Құмай өзенінің алқабындағы, Жыланды тауының етегіндегі «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық паркі.

Шараны ҚР Президенттік мәдениет орталығы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Ерейментау ауданының әкімдігі ұйымдастырып отыр.