Құмды дауыл соғып тұр - БАӘ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірлігінде (БАӘ) құмды дауыл соғып, құм суырып тұр. Осыған байланысты әмірлік жағалауындағы кеме қатынасына шектеу қойылып, күре жолдардағы бақылау жұмысы күшейтілді, деп жазды The National газеті.

Солтүстік шығыстан соққан қатты жел ел аумағына құм мен шаң әкелді. Бұл тұрғындардың денсаулығына ғана емес, сондай-ақ тас жолдардағы және теңіздегі қозғалысқа қауіп төндіруде. Елдің бірқатар аудандарында дауыл салдарынан 500 метр жерді көрудің өзі мұң болды. Басылым деректеріне қарағанда, жағалауда шағын кемелер қозғалысына тыйым салынды. Өйткені толқын 3 метр биіктікке дейін көтеріліп отыр, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.