экология тақырыбындағы зерттеу жұмысы Мәскеуде өткен «Жасыл ғаламшар-2010» халықаралық экологиялық форумының дипломдарымен марапатталды, деп хабарлайды Қашыр ауданының әкімдігі. Бұл форумның мақсаты - «Мәдениеттер диалогы: танып-білуден құрметке» атты халықаралық бағдарлама аясында балалар дипломатиясын дамыту, әртүрлі елдердің балаларын бүкіл адамзатқа ортақ құныдылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу, мәдени әрі табиғи әр алуандықты сақтау болып табылады.
Құмды елді мекені мектебінің оқушылары мен ұстаздары төрт аталым бойынша марапатқа ие болды.