Мамандар картинаны 60 миллион долларға сатылады деп болжаған болатын. Ал нәтижесі картинаның алғашқы бағасынан екі есеге артық болды. Уорхолдың картинасының ұзындығы 2,4 метр, ал биіктігі 4 метрден тұрады.
Белгілі суретшінің «Күміс көліктің апаты» картинасы төрт туындыдан тұратын «Өлім мен апат» сериясына кіреді. Қалған үш туынды АҚШ, Швейцария және Австрия мұражайларында сақтаулы. Энди Уорхолдың тағы бір "Кока-Кола" (1962 жылғы) еңбегі $57,285 миллионға сатылды.
Осылайша екі күннің ішінде атақты шебердің екі туындысы 163 миллион доллар табыс әкелді.