Құмкөл мұнай кенішіне 25 жыл толуына арналған пошта маркасы айналымға енгізілді

None
АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Қазпошта» АҚ Қазақстан аумағында Құмкөл мұнай кен орны игеріле басталғанына 25 жыл толуына арналған мерейтолық марканы айналымға енгізді.

Маркада PetroKazakhstan Kumkol Resources компаниясының логотипі және қазақ тілінде «Құмкөл мұнай кен орнына 25 жыл» жазуы орналастырылды.

Офсеттік тәсілмен әзірленген маркада 4 бояу қолданылды. Перфорациясы - иректі, құны - 150 теңге, таралымы - 50 мың дана. Суреті Данияр Мұхамеджановтікі.

Айта кетейік, бұл - «Қазпошта» ұлттық пошта операторы шығарған 763-інші марка.

Құмкөл 1968 жылы ашылған Қызылорда облысындағы мұнай-газ кен орны.