Күн 36 градусқа дейін ысиды: Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК-сы еліміздің 16 облысы мен Астана қаласында күн райына байланысты ескерту жариялады.

Фото: Рixabay

Астанада күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Абай облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады.

Облыстың кей жерлерінде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.

Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.

Кей аудандарда төтенше өрт қаупі күтіледі.

Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болжанып отыр.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және орталығында нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде бұршақ түсіп, дауыл тұрады.

Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Шығыс Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде өткінші жаңбыр жауады.

Жетісу облысының солтүстігінде күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы 36 градусқа дейін жетеді.

Облыстың бірқатар ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының шығысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде өткінші жаңбыр жауады.

Облыстың шығысы мен оңтүстігінде найзағайлы жаңбыр болады.

Қостанай облысында жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ пен дауыл болады.

Желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Қызылорда облысының солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Өңірдің кей бөлігінде шаңды дауыл тұрады.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында жаңбыр мен найзағай ойнайды.

Күндіз кей аудандарда шаңды дауыл тұрады.

Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады.

Кей аудандарда желдің екпіні секундына 28 метрге дейін күшейеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай және дауыл болжанып отыр.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің бірқатар өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Айта кетейік, осыған дейін хабарлағанамыздай, түркістандық фермерлер қауынның бүлінуін жасанды жаңбырдан көріп отыр.