Атырау облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың оңтүстік-шығысы мен солтүстік-шығысында жоғары, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында күндіз жаңбыр, найзағай болып, жел екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының түнде солтүстік және шығыс бөлігінде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады. Желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы 35… 38 градусқа дейін көтеріледі. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болып, аптап ыстық 35 градусқа дейін жетеді.
Абай облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз оңтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы 35… 38 градус болады. Семейде түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз 37 градусқа дейін ыстық болады.
Қызылорда облысының солтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, облыс орталығында шаңды дауыл көтеріледі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында ауа температурасы 45… 47 градусқа дейін көтеріледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігінде ауа температурасы 37 градусқа дейін көтеріледі. Жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ болады, оңтүстігінде дауыл күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Петропавлда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін.
Батыс Қазақстан облысында түнде облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Оралда да жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл болжанып отыр.
Жетісу облысында шығысында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыста жоғары, ал солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігі мен шығысында жоғары, батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысында күндіз аптап ыстық 35… 39 градусқа дейін жетеді, оңтүстігінде 42 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың солтүстігінде төтенше, қалған аумағында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында ауа температурасы 40… 42 градусқа дейін көтеріледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай болады.
Ақмола облысының батысында және солтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігі мен батысында жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 35… 37 градусқа дейін көтеріледі. Облыста жоғары, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады. Облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда күндіз ауа температурасы 40… 42 градусқа дейін көтеріледі.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың оңтүстігі мен шығысында ауа температурасы 37 градусқа дейін көтеріледі. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде арагідік жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін.
Осыған дейін Қытайдың аптап ыстықпен «жасанды жаңбыр» арқылы күресіп жатқаны туралы жаздық.