Қатысушылар 3 021 километр қашықтықты бағындыруы тиіс еді.
Мәреге бірінші болып Нидерланды намысын қорғаған Solar Team Twente құрамасы келді. Екінші орында олардың жерлестері Nuna 8 командасы. Ал үздік үштікті Мичиган өкілдері тұйықтады.
World Solar Challenge жарысы 1987 жылдан өтіп келеді. Мақсат - күн батареялары арқылы жүретін экологиялық таза көлікті насихаттау. Бүгінде оған деген сұраныс артып келеді.