Күн энергиясымен ұшатын ұшақпен жер шарын айналып өтпек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі швейцариялық зерттеуші Бертран Пикар мен оның серіктесі Андре Боршберг дүйсенбі күні күн энергиясынан қуат алып ұшатын ұшақпен жер шарын айналып өтпекке бел буды.

"Солар Импульс-2" атауын алған бір орындық ұшақ Әбу-Дабиден шығып, алдымен Оманға, кейін Үндістанға ұшуы тиіс.

Алдағы бірнеше айда ұшақ Антарктидадан басқа барлық континентке ұшып, Тынық және Атлантикалық мұхиттарды кесіп өтеді.

Пикар мен Боршберг ұшақты кезекпен басқарады. Тәуекелге бел буғандар ұшақтың кем-кетігін жөндеу үшін бірнеше қалаларда тоқтайтын болады. Сондай-ақ олар қоғам алдында баламалы энергетика туралы дәріс оқуды жоспарлап отыр.