Күн энергиясымен жүретін яхта жер шарын айналып саяхат жасады

АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше бірегей кеме - күн батареяларымен жүретін катамаранмен жер шарын айналып саяхат жасаған PlanetSolar жобасына қатысушылар үшін атаулы күн.

Олар бұл жобаны  8 жыл бойы әзірлеп, жер шарын айналып өту саяхатында 19 ай болған. Күн энергиясы арқылы шамамен 60 мың шақырым жол жүрілді.

Күн батареяларындағы алғашқы швейцариялық PlanetSolar яхтасы Монако князьдігіне келіп жетті. Кеме ол жерден 2010 жылдың қыркүйегінде сапарға аттанған болатын. Жергілікті тұрғындар орасан ауқымды жолды жүріп өткен Германия, Франция және Швейцарияның бес экипаж мүшелерін қарсы алды. Кеме Атлант және Тынық мұхиттарын кесіп өтті, Панама және Суэц арналары арқылы жүрді, Маями, Мексика, Австралия, Сингапур, Әбу Даби және тағы басқа көптеген жерлерде тоқтады, деп атап өтеді facepla.net порталы.

Ұзындығы 31 метрді құрайтын PlanetSolar 500 шаршы метрден астам алаңда орнатылған күн батареяларымен жабдықталды. Бұл батареялар тек моторды ғана емес, кемедегі барлық құрылғыларды, атап айтқанда, компьютер мен электр шәйнегін энергиямен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды «Великая Эпоха ».