Күн күркіреп, жаңбыр жауады: 6 тамызға арналған ауа райы болжамы

Фото: freepik

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК синоптиктері 6 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Мамандардың хабарлауынша, елдің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 16 облыста, сондай-ақ Астана мен Шымкентте дауылды ескерту жарияланып отыр. 

Елордада найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні – 15-20 м/с. 

Шымкентте күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Аталған аймақта жоғары өрт қаупі сақталады. 

Күндіз Абай облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні – 23 м/с. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Алматы облысының таулы аймақтарында кей жерлерде найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстіктен соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі бары хабарланды. 

Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр мен бұршақ жауып, бұрқасын болуы ықтимал. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде найзағай күтіліп отыр. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні – 15-20 м/с. 

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында шаңды дауыл тұрады. Облыстың оңтүстік-шығысынан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Аталған аймақта күндіз 35-39 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі және жоғары өрт қаупі сақталады. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында және шығысында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-ге дейін жетеді. Облыстың батысы мен оңтүстігінде 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі және жоғары өрт қаупі сақталады. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай ойнауы ықтимал. Облыстың солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. 

Жамбыл облысының таулы аймақтарында күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында және шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады. 

Жетісу облысының таулы аймақтарында күндіз найзағай ойнауы мүмкін. Облыстың шығысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікте, оңтүстікте, облыс орталығында солтүстік-батысқа бұрылып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжанып отыр. Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа бұрылатын жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде аса жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде аса жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қызылорда облысында, күндіз облыстың шығысында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Облыстың оңтүстік жартысында аса жоғары өрт қаупі сақталады. 

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында күндіз шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың оңтүстігі мен солтүстік-шығысында батысқа ауысады, күші – 15-20 м/с. Күндіз 38-40 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, ал облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады. 

Түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр жауып, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Түнде облыстың батысында тұман түседі деп болжанды. Күндіз облыстың шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. 

Түркістан облысының солтүстігінде күндіз шаңды дауыл соғады. Солтүстік, батыс, облыстың таулы аймақтарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с. Өңірде аса жоғары өрт қаупі сақталады. 

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында солтүстік-батысқа ауысады, екпіні – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде аса жоғары өрт қаупі сақталады.