— 10–12 қазанда елдің орталығында, 10–11 қазанда оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 10–11 қазанда оңтүстік-батыста, 11–12 қазанда солтүстік-батыста және солтүстікте, 10 және 12 қазанда шығыста, 12 қазанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады деп болжанады. 10 қазанда елдің шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін, — делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжамынша, 10 қазанға қараған түні Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі. 12 қазанда Түркістан облысында қатты жаңбыр болжанып отыр.
Республика бойынша түнде және таңертең тұман күтіледі.
Күндіз ауа температурасының жоғарылауы болжанады:
- елдің батысында 22 27°С-қа дейін;
- солтүстік-батысында 17 25°С-қа дейін;
- солтүстігінде 13 20°С-қа дейін;
- орталығында 13 22°С-қа дейін;
- шығысында 10 22°С-қа дейін;
- оңтүстігінде, Қызылорда облысында 23 28°С-қа дейін, ал Түркістан облысында ауа температурасы 18 23°С-қа дейін төмендейді;
- елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасының негізгі фоны 17 25°С болады.
Бұған дейін «Қазгидромет» 8–10 қазанға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың мәліметінше, алдағы күндері елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болып, жаңбыр, солтүстік және шығыс өңірлерде сулы қар жауады. Шығыста көктайғақ күтілетінін жаздық.