Күн күрт суытады: ТЖМ ескерту жасады

Фото: Александр Павский / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Ел бойынша 6-8 ақпанда ауа райы күрт өзгереді. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға шұғыл ескерту жасады.

6 ақпан 

Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде 23-28, облыстың оңтүстігінде 20 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.

Қостанай облысында ауа температурасы түнде 20-25, облыстың батысында 28 градус аязға дейін, күндіз 17-22 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 18-23, облыстың солтүстігінде 26 градус аязға дейін, күндіз 15-20 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде ауа температурасы түнде және күндіз 15-20 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Қызылорда облысында ауа температурасы түнде және күндіз 2-7, облыстың солтүстігінде 12 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Түркістан облысында ауа температурасы күндіз 2-7 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 1 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Шымкент қаласында 2-4 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

Жамбыл облысында ауа температурасы күндіз 1 градус аяз-4 градус жылы, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 6 градус аязға дейін күрт төмендейді.

7 ақпан 

Ақмола облысында ауа температурасы түнде 17-22, облыстың батысында 25 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Астана қаласында ауа температурасы түнде 18-20 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Ұлытау облысында ауа температурасы түнде 15-20, облыстың батысында 23 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Қарағанды облысында ауа температурасы түнде және күндіз 11-16, облыстың батысында, солтүстігінде 19 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Павлодар облысында ауа температурасы түнде және күндіз 15-20, облыстың батысында 23 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Фото: ТЖМ

Ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды 

Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Абай облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, облыстың орталығында 23-28 м/с, кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.

Түркістан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 23-28 м/с, облыстың таулы бөктерінде екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.

Алматы, Жетісу облыстарында ауа температурасы күндіз 0-5, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 8-13 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Абай облысында ауа температурасы түнде және күндіз 12-17 градус аязға дейін күрт төмендейді, 8 ақпанда түнде 15-20, облыстың оңтүстігінде 12 градус аязға дейін одан әрі төмендейді.

Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 10-15, облыстың солтүстігінде, шығысында 18, күндіз 8-13, облыстың солтүстігінде, шығысында 16 градус аязға дейін күрт төмендейді.

6 ақпанда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында шығыстан жел соғады, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

6 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 23-28 м/с.

6 ақпанда түнде Қызылорда облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, тұман, түнде бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

6 ақпанда түнде Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі.

6 ақпанда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

6 ақпанда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда көктайғақ болады. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

6 ақпанда Ақмола облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Кей уақыттарда тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

6 ақпанда Павлодар облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғады жел, батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

6 ақпанда түнде Қарағанды облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігін тұман басады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, шығысында екпіні 23-28 м/с.

6 ақпанда Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, түнде облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с.

6 ақпанда түнде Абай облысының батысында қар, бұрқасын болады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

6 ақпанда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с.

6 ақпанда Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде қар жауып, бұрқасын болады, түнде облыстың оңтүстігінде қалың қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

6 ақпанда Ақтөбе облысының шығысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-18 м/с.

6 ақпанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады.

6 ақпанда Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман болады. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 20 градус аяз болады.