АСТАНА. KAZINFORM – Синоптиктер 21 ақпан күні Астана қаласында және Қазақстанның жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Осылайша, Астана, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында сынап бағанасы 40 градусқа дейін төмендейді.
Батыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарында тұман түседі деп болжанды.
21 ақпан күні түнде Маңғыстау облысының басым бөлігінде, күндіз оңтүстік және шығыс аймақтарында көктайғақ болады.
Зарина Туғанбаева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Еңбек жолын Ақмола облысы Целиноград аудандық «Ұран», «Призыв» газеттерінде тілші болып бастаған. Kazinform ақпарат агенттігінде 2011 жылдан бері қызмет атқарып келеді.