Күн райына байланысты 2 облыста автожол жабылды

АСТАНА. KAZINFORM — Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы QazAvtoJol-дың баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупіне байланысты жалпы ұзындығы 30 км 1 автожол жабылды. «Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Катонқарағай — Рахман қайнары», Берел а. — Рахман қайнары бағытындағы автожолдарда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Жамбыл облысында боран, шектеулі көрініс салдарынан жалпы ұзындығы 79 км 1 автожолда көлік қозғалысына  шектеу қойылды. 

1. «Алматы — Ташкент — Термез», Кенен а. — Қайнар а. бағытындағы қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады. Аталған республикалық маңызы бар автожолдарға 363 бірлік техника және 489 адам жұмылдырылды.