Күн райына байланысты Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
23:34, 16 Желтоқсан 2024
АСТАНА. KAZINFORM - «ҚазАвтоЖол» ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысында жол қозғалысының шектелгенін хабарлады.
Бүгін сағат 23:00-де Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты келесі автожолдарда жүк көліктердің қозғалысына шектеу қойылды:
«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» 232-260 шақырым, Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін;
«Жақсы-Есіл-Бұзылық» 71-82 шақырым, Ақсай ауылынан Есіл қаласына дейін;
«Жезқазған-Петропавл» 536-553 шақырым, Бұзылық ауылынан Сұрған ауылына дейін жол жабылды.
Жолды 2024 жылғы 17 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қойылған еді.