Астанада қала сыртына қатынайтын бірнеше автобус уақытша тоқтады

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM –  Бүгін таңда «City Transportation Systems» ЖШС маңызды ақпарат таратты. 

— Бүгін сағат 08:00 бастап № 59, 315, 316, 317, 327 бағдарларының қозғалысы ауа-райының нашарлауына және жолдардың жабылуына байланысты уақытша тоқтатылды. Басқа бағдарлар линияда, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Қазгидромет»  бұрқасын, көктайғақ, тұман болуына байланысты 17 облыс пен үш мегаполисте дауылды ескерту жариялағанын жазған болатынбыз.