«Қызылорда-Павлодар», «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» бағытында автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылғанын бұған дейін хабарлаған едік.
«ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ дерегінше, сағат 19:30–да ауа райының бұзылуына байланысты барлық автокөліктердің түріне автожолдар жабық. Қарағанды – Қарқаралы сондай-ақ Қарағанды – Павлодар облысындағы шекараға дейін жол жабылады, - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанның 14 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.