АСТАНА. KAZINFORM — Астанада ауа райына байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті.
Әкімдіктің мәліметінше, ертең бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды.
– 2025 жылығ 11 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, – делінген хабарламада.
Бүгін де елордада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқыды.
Бақытгүл Абайқызы
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)