«ҚазАвтоЖол» бірнеше өңірдің жүргізушілеріне ескерту жасады
АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылғы 7 наурыз ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше республикалық автожол учаскелерінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол».
Сағат 16:00
Жамбыл облысы:
— «Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» 534-593 шақырым аралығы (Айша-Бибі а. — Түркістан облысының шекарасы).
Түркістан облысы:
— «Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» 593-620 шақырым аралығы (Түркістан облысының шекарасы — Т. Рысқұлов п.). Жолды 2025 жылғы 7 наурыз сағат 22:00–де ашу жоспарланған.
Сағат 17:00
Жамбыл облысы:
— «Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 159-238 шақырым аралығындағы учаске (Отар а. — Қайнар а.). Жолды айналып өту ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады. Жолды 2025 жылғы 8 наурыз сағат 09:00–де ашу жоспарланған.
Сағат 18:00
Абай облысы:
— «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 615-768 шақырым аралығы (Жетісу облысының шекарасы — Аягөз қ.);
— «Таскескен — Бақты — ҚХР шекарасы» автожолының 0-75 шақырым аралығы (Таскескен а. — Үржар а.).
Жетісу облысы:
— «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 615-768 шақырым аралығы (Үшарал қ. — Абай облысының шекарасы). Жолды 2025 жылғы 8 наурыз сағат 07:00–де ашу жоспарланған.
Бұған дейін бүгін таңда ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 облыста жол жабылғаны белгілі болды.