Атап айтқанда, «Алматы» ауданында 135 адамнан тұратын 5 бригада, «Сарыарқа» ауданында 155 адамдық 5 бригада және «Есіл» ауданының 5 бригадасында 184 адам жұмыс істейді. Жұмысшылар таң атысымен өз шаруаларына кіріседі. «Астана Тазалық» ЖШС жаз маусымында көшелерді тазалау, абаттандыру, жол бойын жуу, қоқыстарды шығару сияқты жұмыстарды атқарады. Атап айтқанда, жол жиектеріне су шашу жұмыстары аптап ыстық кезінде ғана жүзеге асырылады. Сол арқылы жолдағы шаңның азаюы қамтамасыз етіледі. Жалпы, жаз уақытында көшелерді тазалау жұмыстарына қаланың үш ауданы бойынша мамандандырылған техниканың 160 бірлігі жұмылдырылады. Соның ішінде, жуу құрылғылары, жол сыпыруға, су шашуға арналған техникалар, жүк тиегіштер мен жүк тасымалдағыштар да бар. Айта кетейік, коммуналдық қызмет өкілдері үшін жұмыс күні таңғы сағат 6-дан басталады.
22:32, 20 Шілде 2015
Күн сайын Астана көшелерін тазалауға 500 жұмысшы жұмылдырылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласын көркейту жұмысына қалалық коммуналдық қызмет өкілдері де сүбелі үлес қосатыны белгілі. Күн сайын қала көшелерін тазалау жұмыстарына 500 адам тартылады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.