«Бір жылда еліміздің халқы жедел-жәрдем көлігін 6 млн. 175 мың мәрте шақырады. Атап айтқанда, күн сайын жедел-жәрдем көлігі 16 мың 900 рет шақырылады екен. Бұл денсаулық сақтау жүйесінде атқарылатын ауқымды жұмыстардың бір парасы»,-деді вице-министр.
15:43, 21 Қаңтар 2013
Күн сайын Қазақстанда жедел-жәрдем көлігі 16 мың 900 рет шақырылады
АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов жедел-жәрдем жұмыстарының нәтижесін атады.