«Біз инвесторлармен жұмыстарды жалғастырудамыз. Индустриалдық бағдарлама бойынша жобалардың жалпы пулында 150-ден астамы шетел инвесторларының қатысуымен жүріп жатыр. Дағдарысқа қарамастан барша инвесторлар жұмыстарын жалғастыруда, яғни нысандарды жүзеге асыру мен тиісті құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жаңа инвесторлармен жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Күн сайын министрлікке 5-10 инвестор келеді. Біз оларға қай салаға инвестиция салу керектігі, жеңілдіктер алу тұрғысында кеңес береміз, - деп тоқталды Ә. Исекешев.
Осы орайда министр енді инвесторлар қарапайым қызметтерді барынша қысқа мерзімде алатын болады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Әсет Исекешев Астанада биыл қызметін бастаған ХҚКО жанындағы Инвесторларға қызмет көрсету бөлімінің жұмысымен танысты.
ҚР ИДМ мәліметіне қарағанда, Қазақстанда инвесторларға қызмет көрсететін 19 бөлім жұмыс істейді, яғни Астанада - 2, Алматыда - 3, ал әр облыс орталығында бір қызмет көрсету секторы болады. Бұл бөлімшелер инвесторларға бюрократиялық және әкімшілік салмақты айтарлықтай төмендетеді деп күтілуде. Инвесторларға қызмет көрсету бөлімдерінде инвестициялық жобаны жүзеге асыруға барлық қажетті мемлекеттік қызметті «бір терезе» қағидаты арқылы алуға болады.