АҚШ ғалымдары 10 жылдай күн сайын таразыға тұру әдеті жас ерлер мен әйелдерге қалай әсер ететінін тексерді. Зерттеуге 1 868 адам қатысты, олардың 57% әйел. Олар үшін күнде салмағын өлшеу өз-өзін бағалау дәрежесінің төмендеуі, күйзеліс белгілерінің артуы мен, алаңдаушылықтың өсуі сияқты теріс факторларды тудырды.
Ғалымдар салмақты бір уақытта, көрсеткіш объективті болуы үшін тағамданғанға дейін өлшеу керектігін атап өтті. Егер сіз кәсіби спортшы болмасаңыз, салмағыңызды күнде өлшемеген абзал. Дұрысы, бұл үдерісті аптасына бір рет жүзеге асыру, деп жазады шетелдік БАҚ.